Жиі қойылатын сұрақтар (ЖҚС)

Robotek.pro академиялық робототехника платформасы дегеніміз не?

«Robotek.pro» бағдарламасының білім беру мазмұны робототехника, бағдарламалау және инженерия бойынша ойын форматындағы сабақтардың оқу-әдістемелік кешенінен тұрады: бейнесабақтар, жаттығулар, тест тапсырмалары және пайдалы материалдар мен бағдарламаларға сілтемелер.

Әрбір сабақ кемінде төрт бейнесабақтан тұрады: мұғалімге әдістемелік көмек, теориялық материал (кейіпкерлердің сюжеттік желісі), роботты құрастыру және роботты бағдарламалау.

Бағдарлама мен материалдар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, Lego WeDo 2.0 жинағын пайдалана отырып, қазақ және орыс тілдерінде дайындалған.

«Robotek.exe» орнату кезіндегі қателер

  • №1 қате (Msvcp140.dll) — Microsoft Visual C++ Redistributable кітапханасының жоқтығын білдіреді; Microsoft сайтынан x32 немесе x64 биттік редистрибутивті жүктеп алып, орнату қажет.
  • №2 қате (деректерді жіберу қатесі) — қолданбаға белсенді интернет-байланыс қажет; желіге қосылымды тексеріңіз немесе +7 702 673 9869 телефоны бойынша қолдау қызметіне хабарласыңыз.