Қайталау сабағы
Бейне жүктелуде…
Сіздің тіліңіздегі бейне болмаса, орысша нұсқасы көрсетіледі.
Тақырып: Бәрін еске түсіру
Редуктордың жұмыс принципін еске түсіріңіз. Жетекші доңғалақ өлшеміне байланысты күш пен жылдамдық қалай өзгереді? Жетекші доңғалақ қайда және жетектелінуші доңғалақ қайда?
- Бейтарап (екі доңғалақ бірдей өлшеммен). Мұндай берілісте тек айналу бағыты өзгереді.
- Төмендететін беріліс (яғни, айналу аз тістері бар дөңгелектен үлкен саны бар дөңгелекке беріледі). Айналу жылдамдығы төмендейді, бірақ жүйенің қуаты артады, бұл баяу болса да ауыр жұмысты орындауға мүмкіндік береді. Мұндай беріліс жол талғамайтын көліктерде, тракторларда және т. б. қолданылады.
- Жоғарылататын беріліс (яғни, айналу үлкен тістері бар дөңгелектен аз саны бар дөңгелекке беріледі). Айналу жылдамдығы артады, бірақ қуат азаяды.Бұл жұмысты тезірек орындауға мүмкіндік береді. Осы беріліспен жұмыс істегенде өте жоғары жылдамдықтағы беріліс ауыр жүктемені көтере алмауы мүмкін.


Біз блоктардың атауларын және олар не істейтінін еске түсірейік.
- Осы блоктардың параметрлері қандай?
- Әр блок не үшін жауап береді?
- Руль мен тәуелсіз басқарудың айырмашылығы неде?
(Бұл блоктарды 8-деңгейде түсіну мәселе болмауы қажет, бірақ еске түсіріп және бекітіп алу үшін сұрақтарға жауап беру пайдалы болады)

Осы блоктар арасындағы айырмашылықты еске түсірейік, оларды шатастырып алуға болады. Сары - тек сенсордың мәні, оны сымдардың көмегімен бір жерге бекітуге болады (мысалы, экранға). Қызғылт сары - сенсордың іске қосылуын күту.

Пайдалы сілтемелер: *тык*